26 сәу, 2020 сағат 08:46

Коронавирус: Қазақстанда тағы 51 жағдай тіркелді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 сәуір таңертеңгі сағат 10.45-те тағы 51 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 15, Ақмола облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 1, Павлодар облысында - 3, Шымкент қаласында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 1, Қызылорда облысында 7 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2652 адам болды:

  • Алматы қаласы – 842
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 479
  • Қызылорда облысы – 177
  • Шымкент қаласы – 162
  • Қарағанды облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 104
  • Батыс Қазақстан облысы – 116
  • Ақмола облысы – 92
  • Атырау облысы – 108
  • Түркістан облысы – 108
  • Алматы облысы – 86
  • Павлодар облысы – 94
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 27
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

646 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

25 сәуірде жергілікті БАҚ Арқалық қаласында коронавирус жұққан зейнеткердің қайтыс болғаны хабарланды. Жергілікті билік зейнеткердің өлімін арнайы комиссия зерттейді деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ. 

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.