14 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 661 адам анықталды, 22 адамнан коронавирус пневмониясы табылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. 2 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болған.
Өткен тәулікте Алматы қаласында - 74, Қостанай облысында - 72, Павлодар облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 70, Ақмола облысында - 68, Нұр-Сұлтанда - 47, Батыс Қазақстан облысында - 43, Атырау облысында - 39, Алматы облысында - 37, Қарағанды облысында - 32, Жамбыл облысында - 30, Маңғыстау облысында - 5, Қызылорда облысында - 4, Түркістан облысында - 4, Шымкент қаласында - 3, Ақтөбе облысында 2 адамнан коронавирус анықталған.
Наурыз айынан бері 142 986 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 152 адам Covid-тен қайтыс болған. 127 096 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 974 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 609-ы жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 14 мыңға жуық адам - коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. Оның арасында 1 041 бала бар. Коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастардың 4 187-і стационарда емделуде. 239 адамның жағдайы - ауыр, 37 адамның жағдайы - өте ауыр, 37 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.