27 қаң, 2021 сағат 06:00

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 180 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққаны тестпен дәлелденгендер 1397 адамға көбейді. Бұл туралы 27 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 130 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бір күнде 16 адам өлімі тіркелген: 15 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 181 117 адамға жетті. 163 156-ы жазылған. Өткен тәулікте 1398 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2510 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 575 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 559 адам қайтыс болған. 35 348 адам жазылған.

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 397 адам тіркелді. Павлодар облысы (219) мен Ақмола облысында (213) 200-ден астам адамнан коронавирус анықталған.

Алматыда - 139, Нұр-Сұлтанда - 147, Шығыс Қазақстан облысында – 53, Атырау облысында – 70, Қарағанды облысында – 78, Батыс Қазақстан облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 108, Қостанай облысында - 141, Алматы облысында - 64, Шымкент қаласында - 10, Жамбыл облысында - 23, Түркістан облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Ақтөбе облысында - 6, Қызылорда облысында 11 науқас тіркелген. 

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 27 119 адам короновирус инфекциясынан (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделіп жатыр. 

Оның ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 266 адамның жағдайы ауыр;

• 39 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 млн адамнан асты. 55,3 млн адам жазылған. 2 млн 154 мың науқас қайтыс болған.