Қазақстанда тағы 951 адамның коронавирус тесті оң шықты. 82 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 5 адам өлімі тіркелген: 4 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.
Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 200 044 адамға жеткен. 181 974-і жазылған. Өткен тәулікте 1 167 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 630 адам қайтыс болған.
Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 522 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 592 адам қайтыс болған. 38 523 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 24 847 адам емделіп жатыр. (9 407-ісінің ПТР тесті теріс шыққан, 15 440 адамның ПТР тесті оң шыққан). 5 372 науқас стационарда емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
11 ақпан күнгі мәлімет бойынша, коронавирустың тарауы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстары "қызыл аймақта" қалған. Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 107 млн 749 мыңнан асты. 60 млн 257 мың адам жазылған. 2 млн 366 мың науқас қайтыс болған.
Аймақтар бойынша (коронавирус):
Нұр-Сұлтан қаласы - 109,
Алматы қаласы - 108,
Шымкент қаласы - 9,
Ақмола облысы - 79,
Ақтөбе облысы - 8,
Алматы облысы - 76,
Атырау облысы - 33,
Шығыс Қазақстан облысы - 64,
Жамбыл облысы - 10,
Батыс Қазақстан облысы - 75,
Қарағанды облысы - 58,
Қостанай облысы - 79,
Қызылорда облысы - 4,
Маңғыстау облысы - 7,
Павлодар облысы - 163,
Солтүстік Қазақстан облысы - 62,
Түркістан облысы - 7.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 200044.