21 сәу, 2020 сағат 19:20

Коронавирус: Қазақстанда 8 науқас жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 науқас жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сoronavirus2020 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Жақсы жаңалық: Қазақстанда COVID-19 бар тағы 8 науқас: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 2 науқас Шымкент қаласында - 1, Қарағанды облысында - 1 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. 

Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», деліген хабарламада.

Қазақстанда барлығы 35 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы - 11, Нұр-Сұлтан - 8, Шымкент-3, Карағанды облысы - 6, Ақтөбе - 1, Түркістан обласы - 1, Атырау - 2, ШҚО-1, Маңғыстау облысы - 1, Павлодар облысы - 1.