Елімізде коронавирус індетінен елуінші адам жазылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты.
Бүгін сағат 14.00-ге дейін елімізде жалпы 50 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы қаласында – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстанда науқас саны 685 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 222
- Алматы қаласы – 119
- Шымкент қаласы – 20
- Ақмола облысы – 42
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Атырау облысы – 32
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 45
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қарағанды облысы – 55
- Қостанай облысы – 3
- Қызылорда облысы – 54
- Маңғыстау облысы – 5
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Түркістан облысы – 33.