25 қаң, 2021 сағат 07:23

COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр.