10 нау, 2020 сағат 10:29

Коронавирус: Италия билігі азаматтардың ел ішіндегі қозғалысын шектеді

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте ел ішінде жайылған коронавирусқа байланысты карантин шараларын кеңейтіліп, оның ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы деректерді, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санының өсуін ескере отырып, біз Ломбардия мен басқа да аймақтарға қатысты шараларды елдің барлық аумағында қолға алу туралы шешім қабылдадық», - деді Конте Facebook-те трансляцияланған баспасөз мәслихатында.

Ол белгілі себептер болған кезде ғана елде қозғалысқа рұқсат етілетіндігін түсіндірді, олардың арасында жұмыс немесе отбасы жағдайлары, сондай-ақ денсаулыққа байланысты қажеттіліктер бар. Жаңа нормалар 10 наурыздан бастап күшіне енеді.

Бұдан бөлек, Конте 3 сәуірге дейін елдегі барлық оқу орнын жабылатындығын мәлім етті.

Бұған дейін барлық көңіл көтеру орны, спорт клубы, сұлулық салоны, сондай-ақ тау шаңғысы курортын жабу туралы жарияланған болатын. Бүкіл Италия бойынша мәдени мекемелер жабық.

Соңғы деректер бойынша, Италияда инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 9 мың адамнан асты. 700-ден астам адам емделіп шықты. 463 адам вирустан көз жұмған.