28 сәу, 2020 сағат 08:50

Қазақстанда тағы 90 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуір сағат 10.40-тағы мәліметіне қарағанда Қазақстанда тағы 90 адамнан коронавирус табылған:

Нұр-Сұлтан қаласы - 52
Алматы қаласы - 17
Батыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы - 1
Маңғыстау облысы - 1
Шымкент қаласы - 1
Түркістан облысы - 6
Павлодар облысы - 6
Алматы облысы - 1
Жамбыл облысы - 2
Атырау облысы - 1
Ақмола облысы - 1.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын барлығы 2950 адам жұқтырған (820-cы – медқызметкер). 725 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды. Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырып, тыныс аппаратына қосылған 15 науқастың жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін деп есептейді.