Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 мамыр таңертеңгі сағат 10.25-те коронавирус инфекциясы тағы 74 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 26, Нұр-Сұлтан қаласында - 16, Ақмола облысында - 1, Атырау облысында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қызылорда облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында 4 адамға вирус жұққаны анықталған.
Барлығы 3671 адамға вирус жұққан. 922 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3597 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 1176
- Нұр-Сұлтан қаласы – 669
- Қызылорда облысы – 208
- Шымкент қаласы – 204
- Қарағанды облысы – 152
- Атырау облысы – 161
- Батыс Қазақстан облысы – 163
- Түркістан облысы – 128
- Павлодар облысы – 146
- Алматы облысы – 138
- Жамбыл облысы – 140
- Ақмола облысы – 100
- Ақтөбе облысы – 122
- Қостанай облысы – 50
- Маңғыстау облысы – 57
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 23