18 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен 930 науқас (869 КВИ+ және 61 КВИ-), 10 өлім тіркелгенін хабарлады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Павлодар облысында тіркелген науқастар саны жүзден асады.
Қазақстан билігі коронавирус науқастарын екі бөлек санайды. Бірі – вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар (КВИ+), бірі – ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқастары (КВИ-). КВИ+ деректері келесі күні, КВИ- деректері екі күннен кейін жарияланып келеді.
Яғни, тіркелгені бүгін жарияланған 930 науқастың 869-ы кеше анықталған және олардың бәрінде ПТР тест оң нәтиже берген. Ал коронавирус пневмониясына шалдыққан 61 науқас 16 ақпан күні тіркелген.
КВИ+ науқастары арасында аймақ бойынша жағдай мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 24088 (+105 жаңа тіркелген науқас),
Алматы қаласында – 23941 (+105),
Шығыс Қазақстан облысында – 21392 (+71),
Атырау облысында – 16809 (+35),
Павлодар облысында – 16625 (+114),
Қарағанды облысында – 14903 (+65),
Ақмола облысында – 12860 (+72),
Батыс Қазақстан облысында – 12329 (+84),
Солтүстік Қазақстан облысында – 11954 (+32),
Қостанай облысында – 11645 (+69),
Алматы облысында – 10277 (+61),
Шымкент қаласында – 6030 (+8),
Жамбыл облысында – 5793 (+11),
Түркістан облысында – 4231 (+8),
Маңғыстау облысында – 4174 (+4),
Ақтөбе облысында – 4131 (+19),
Қызылорда облысында – 3742 (+6).
Қазақстанға індет келгелі барлығы 204 924 науқастың ПТР тесті оң шыққан. Ресми статистика бойынша, оның 2674-і коронавирустан қайтыс болған саналады. Бірақ бұдан бөлек, Covid инфекциясын жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге себептен қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.
Вирус жұқтырғаны расталған бұл науқастардың 188 606-сы жазылып шыққан. Қазір 13 644-і емделіп жатыр.
Қазақстан үкіметі есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келе жатқан коронавирус пневмониясымен барлығы 48 827 адам тіркелген. Оның 29 873-і жазылған, 604-і қайтыс болған. 8350 науқас емделіп жатыр.
Коронавирустан емделіп жатқан 21 944 науқастың 4900-ы стационарлық, 17094-і амбулаториялық бақылауда..
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
255 адамның жағдайы ауыр;
40 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.