13 қаң, 2021 сағат 06:00

12 қаңтарда 890 адам Covid пен пневмонияға шалдықты, 12 адам қайтыс болды

12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталды. 124 адамда коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 8 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан (114) мен Алматы қаласында (111) көп науқас тіркелді. Қостанай облысында - 75, Атырау облысында - 73, Ақмола облысында - 63, Алматы облысында - 61, Солтүстік Қазақстан облысында - 54, Павлодар облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында - 39, Шығыс Қазақстан облысында - 37, Маңғыстау облысында - 15, Шымкент қаласында - 11, Жамбыл облысында - 10, Түркістан облысында - 8, Қызылорда облысында - 3, Ақтөбе облысында 1 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 499 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 530 адам қайтыс болған. 34 118 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 524 адам (11 673-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 267 адамның жағдайы ауыр, 58 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.