15 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 749 адам анықталды, 181 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен.
Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (86) тіркелген. Павлодар облысында - 80, Алматы қаласында - 77, Қостанай облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері 143 735 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 159 адам Covid-тен қайтыс болған. 128 218 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 44 155 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 767-і жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 13 мыңнан астам адам - коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 4 163 пациент стационарда жатыр. 251 адамның жағдайы - ауыр, 38 адамның жағдайы - өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар:
Шығыс Қазақстан облысында - 17954 (+64),
Нұр-Сұлтан қаласында -17267 (+86),
Алматы қаласында - 17201(+77),
Атырау облысында - 12206(+60),
Қарағанды облысында - 11541 (+31),
Батыс Қазақстан облысында - 8645 (+38),
Павлодар облысында - 7885 (+80),
Солтүстік Қазақстан облысында - 7644 (+65),
Қостанай облысында - 6539 (+70),
Алматы облысында - 6313 (+49),
Ақмола облысында - 6340 (+65),
Шымкент қаласында - 5443 (+4),
Жамбыл облысында - 4762 (+32),
Ақтөбе облысында - 3588 (+3),
Түркістан облысында - 3554 (+7),
Маңғыстау облысында - 3519 (+9),
Қызылорда облысында - 3334 (+9).