Қарағанды медицина университетінің проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Көшерова түрлі вакциналарды салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шын мәнінде тек бір вакцинаны салдырған дұрыс. Осы екпелердің негізгі мақсаты вирустың S ақуызына иммунитет қалыптастыруға негізделген. Бұл ақуыз коронавирус инфекциясының ауыр салдарына алып келеді. Шығарылып жатқан вакциналардың барлығы векторлық санатына жатады, құрамында S ақуызы бар. Инактивті вакциналар да S ақуызын қамтиды. Ең бастысы, ағзада аталған ақуызға антиденелер қалыптастыру керек. Сондықтан бірнеше вакцинаны ектірудің қажеті жоқ», - деді ғалым.
Бақыт Көшерова қазіргі кезде тиісті зерттеулер жүріп жатқанын айтты.
«Ресейлік вакцинаға тоқталсақ, антиденелер қалыптасатындығы туралы зерттеулер бар. Антиденелер циркуляциясының ұзақтығы бүгінде 6 айдан кем емес болып тұр. Дегенмен зерттеулер жалағысып жатыр. Алдағы уақытта оның мерзімі ұзаруы мүмкін. Әлі де өткен уақыт аздау, сондықтан вакциналаудан кейін иммунитет, антиденелер 1,2 жыл және одан көп уақыт сақталады деп айту ертерек. Зерттеулердің қорытындысы бойынша тиісті нәтижеге қол жеткіземіз деп санаймын», - деді ғалым.