13 нау, 2020 сағат 18:00

Коронавирус: Әлем елдері бұқаралық шараларға тыйым салып жатыр

Мектептер жабылды, спорт шаралары өткізілмейді, бүкіл әлем бойынша мәдени мекемелер жұмысы тоқтады. Мұның барлығы коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жасалып жатыр, деп хабарлайды ВВС.

«АҚШ-та спорт шаралары өткізілмейді, Бродвейдегі қойылымдар бір айға шегерілді. Францияда мектептер, университеттер, балабақшалар жабылды», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Канаданың премьер-Министрі Джастин Трюдо 14 күндік карантинге жабылды. Оның әйелінен коронавирус анықталды. Австралияның ішкі істер министрі де коронавируспен ауруханаға жақызылды. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 118 мемлекетте 125 мың адамға Covid-19 диагнозы қойылды. Әлем бойынша акция бағасы құлдырап жатыр. Амстердамда Ван Гог пен Рейксмузеум музейлері наурыз айының соңына дейін жабылды. АҚШ-тағы Метрополитен музейі де жұмысын тоқтатты. Вашингтон мен Нью-Йорктегі басқа музйлер сенбіден бастап демалысқа кетеді», деп жазады автор. 

Нью-Йорктың губернаторы Эндрю Куомо 500-ден астам адам жиналатын жиындарға тыйым салды. Бельгия барлық мәдени, көңіл-көтеретін шараларды өткізуге шектеу қойды. Дисней де Флорида мен Париждегі парктерін наурыздың соңына дейін жапты.