03 мау, 2021 сағат 10:44

Коронавирус: Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты


2021 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы. 

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салсақ, 2 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары тұрған болатын.