17 там, 2020 сағат 07:20

Коронавирус: 406 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 3,2 мың науқас стационарларда ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ведомство ақпаратында. 

Мәлім етілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Статистикада – бір тәуліктегі мәліметтер, ПТР-тестілеу оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың жалпы саны және өлім-жітім жағдайлары көрсетіледі. Барлық ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. 

Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 103 033. Оның ішінде 82 777 адам жазылса, 1269 науқас қайтыс болды.