14 қаң, 2021 сағат 07:55

Коронавирус: 2 облыс «қызыл», 6 өңір «сары» аймақта тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 14 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше, яғни 13 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Қостанай облысы болған еді. Бүгінгі матрица осы екі облыспен қатар, «қызыл» және «сары» аймақтың ортасында Нұр-Сұлтан тұрғанын көрсетіп тұр. «Сары» аймақта елордамен бірге Алматы қаласы және Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. 

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақтан шықпай тұр.