17 қыркүйекте Қазақстанда 2901 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 180-ге аз.
Алматыда 568 адамнан коронавирус анықталған. Қазақстандағы ең ірі қала коронавирустың күндік көрсеткіші бойынша, жалпы науқастар саны жөнінен де республикада бірінші орында тұр. Қарағанды облысында 388 науқас анықталды. Індет басталғалы барлығы 857 мың адам коронавирусқа шалдыққан. Басым бөлігі жазылған. 10 670 адам қайтыс болған.
16 қыркүйек, бейсенбі күні 59 адам – коронавирустан, 15 адам "ковидтектес пневмониядан" қайтыс болды. Коронавирус статистикасына "Covid жұқса да, өлімінің негізгі себебі басқа ауру" деп тұжырымдалған 2,6 мың адамның өлімі енгізілмеген.
Қазақстан 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түріне 74 мың адам шалдыққан. 4729-ы қайтыс болған. 16 қыркүйекте 216 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды.
Қазір елде 70 984 адам коронавирус инфекциясынан (67 432 КВИ+ және 8 552 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 087 пациент - стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 041 адамның жағдайы ауыр
- 276 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 189 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, 6,1 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасыз алған. 1,1 млн адам әзірге бірінші ғана дозасын алған.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 227 млн адам коронавирусқа шалдыққан, 4,6 миллионы қайтыс болған.
