15 қаз, 2025 сағат 16:07

"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады

Фото: ашық дереккөз

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қазақ тілінің қадірін түсінбейтіндерге шүйлікті. Ол Instagram желісінде жариялаған мәлімдемесінде «өз тілінен ұялу – тамырдан ажырау» деп қатаң ескерту жасап, белгілі сарапшы Олжас Байділдиновті ашық сынады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталады. Өзгеге ұнау үшін өз тілінен ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады", – деп жазды ол Instagram сторисінде.


Осыдан кейін Димаш сарапшы Олжас Байділдиновке қарата тіл қатты:

"Олжас, сен секілді арандатушыны жұмыстан шығарып жібереді деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай баланың тірлігін жасадың. Сен қазақша түсінбейтіндіктен, мен де мұны қазақша жазбадым", – деп сын айтты әнші.



Әншінің сынына Олжас Байділдиновтің сарапшы ретінде сөйлеген сөзі себепші болған. Онда ол Қазақстаннан оңтүстік елдерде орыс тілінде сөйлемейді, сол себепті Ресей үшін «мигранттардың сапасы төмендеп жатыр» деген пікір білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Олжас Байділдинов қоғамдық көліктегі жолақы бағасын көтеру туралы пікір білдіріп, "Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы керек" деген ұсыныс айтқан еді

Ол қазіргі субсидиялау жүйесін тиімсіз әрі жемқорлыққа жол ашатын тетік деп бағалап, нарықтық еркін баға енгізуді және жолақыны жүріп өткен қашықтыққа қарай есептеу қажеттігін ұсынған болатын.