29 жел, 2022 сағат 15:33

Қорғаныс министрлігі сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына қатысты пікір білдірді

kaz.tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігі Жетісу облысында сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, күдікті әскери қызметші қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. Күдікті қарулы күштер қатарынан жұмыстан босатылғанын атап өтеміз", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті ұсталды.

Бұл туралы Facebook-те жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.

"Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды! Күдікті жергілікті бөлімдегі әскери қызметші болуы мүмкін", - дейді журналист.