13 мау, 2024 сағат 10:44

Корейлік «Ханзада Жумонг» телехикаясының жұлдызы Астанаға келді

Фото: Kazinform

Корейлік әртіс Сон Иль Гук қазақстандық киносүйер қауымға «Ханзада Жумонг» телехикаясы арқылы жақсы таныс, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kazinform-ге сілтеме жасап.

«Қазақстанда «Ханзада Жумонгтың» танымалдылығының арқасында мен осында болу құрметіне ие болдым. Қазір сіздерді корей халқының классикалық-музыкалық қойылымы күтіп тұр. К-драмасынан асып түсетін К – классикасына сүйсінесіздер деген үміттеміз», - деді Сон Иль Гук елордада Қазақстан және Корей республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен гала-концертте.


Сондай-ақ, корейлік әртіс Президенттердің құрметіне арналған гала-концертті жүргізді.