06 нау, 2020 сағат 08:31

Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты

Жұма күні Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырған 518 жаңа жағдай тіркелді. Елдегі ауру жұқтырғандардың жалпы саны 6284 адамға жетті, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Вирус жұқтырған жаңа жағдайлардың көпшілігі вирус ошағына айналған елдің оңтүстік-шығысындағы Тэгу қаласы мен Солтүстік Кёнсандо провинциясында анықталған.

Корей ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Кореяда өткен жылдың соңында Қытайда пайда болған жаңа вирустан 42 адам көз жұмған. Олар - негізінен созылмалы аурулары бар егде жастағы науқастар.

Расталған жағдайлардың 60 пайызға жуығы 2,5 миллион халық тұратын, үлкендігі жөнінен елдің төртінші қаласы Тэгудағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының филиалымен байланысты.

Билік қаладағы вирустың таралу деңгейінің артуына алаңдаулы.Мекдициналық мекемелер Тэгуде азаматтарды тексеруден өткізуді бастады.

Корей ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, бейсенбі күні анықталған 518 жаңа жағдайдың 367-сі Тэгуда, 123-і көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелген.

Сондай-ақ, Сеулде вирус жұқтырған тағы екі жағдай туралы хабарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 100 ел мен аумақ коронавирустың таралу қаупіне байланысты Оңтүстік Корея тұрғындары үшін карантин режимін күшейтуді немесе кіруге шектеу енгізуді жоспарлап отыр.