Чо Мён Кеннің басшылығындағы бірлестік министрлігі КХДР-ға халықаралық ұйымдар арқылы 8 миллион доллар көмек көрсету бастамасын көтерді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Министрлік солтүстіккорейлік балалар мен жүкті әйелдерге БҰҰ-ының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасынан 4,5 млн және БҰҰ балалар қорынан (ЮНИСЕФ) 3,5 млн бөлуді ұсынды.
«Үкімет Корей түбегіндегі жағдайды талқылағаннан кейін бөлінетін қаржының тетіктерін және берілу мерзімін анықтайтын болады», - деленген министрлік өкілдерінің хабарламасында.
БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың сәуір айында құрғақшылыққа байланысты КХДР-ның астық өсіретін өңірлері қатты зардап шекті. Шілде айындағы жағдай бойынша, Солтүстік Кореяның кей аудандарында 59 пайызға дейінгі өнім жойылып кетті. Әсіресе, өсірілуіне көп су кететін күріш егістігіне айтарлықтай шығын келген.