ҚР Парламенті Сенатының депутаты Манап Көбенов отандық жеңіл өнеркәсіп саласына котрафактілік өнімнің келтіріп отырған шығыны туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Баршамыз білеміз, жеңіл өнеркәсіп бүгінде экономикалық қауіпсіздікті, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ шағын бизнестің дамуына қолдау жасайды. Сондықтан қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіпте макроэкономикалық проблема байқалуда», - деді депутат Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.
Оның сөзіне қарағанда, импорттың, контрабанда мен котрафактілік өнімнің шамадан тыс болуы еліміздегі аталған сала үшін қиындық тудыруда. Контрафакт пен контрабанда шын мәнінде мемлекеттік қолдау шараларын құнсыздандырып келеді.
«Жеңіл өнеркәсіп - ол ауқымы бойынша азық түлік саласынан кейін екінші орындағы нарық. Оның ауқымы бүгінде 500 млрд теңгені құрап отыр. Алайда кейбір есептеулер бойынша, саланың «көлеңкелі» бөлігі нарықтан екі есе асып, 1 трлн теңгеден астам қаржыны құрады», - деді Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева.
Оның айтуынша, киім өндірушілерінің ең үлкен проблемасы отандық шикізатпен қамтамасыз етілмеуіне байланысты. Сондықтан жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін шикізаттық базаны дамыту бойынша шараларды қамтамасыз ету ұсынылды.