22 қыр, 2022 сағат 10:30

Қонаевта екі әйелді зорлады деген күдікті ұсталды


Полиция үй тазалайтын қызметкерлерді көмекке шақырып, оларға зорлық көрсетті деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдердің айтуынша, бейтаныс ер адам оларға зорлық көрсеткен.

"Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші оқиғада 41 жастағы әйел күдіктінің құрбанына айнала жаздады", - делінген хабарламада.

Жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде күдіктінің есірткіге мас күйде болғанын айтқан.

Аталған дерек ҚК-тің 120-бабына (Зорлау) сәйкес тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.