Фото: turkystan.kz
Белгілі әнші әрі композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында бақилық болды.
Бұл туралы ақын Жанат Жаңқашұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Берісі Қарағанды, әрісі Алаш жұрты ақ жүрек азаматынан, айтулы әншісінен айырылды. Өткенде Ерлан ағаның кешінде соңғы кездескен екенбіз. Жылы ғана жымиып, қоштасып едік. Өмір осы. Жаныңыз жәннатта болсын, Сейіл аға! Алла панасына алсын! Періштелер өзіңіздей жылы жымиып, жұмақ төрінен орын ұсынсын! Бір ұлы жүрек мәңгіге дамылдады...» - деп жазды қаламгер.
Айта кетейік, Сейіл Аяған - «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы.