7 қарашада Совет Одағындағы большевиктер революциясына 100 жыл толуына орай Ақ үй Коммунизм құрбандарын еске ала отырып, арнайы мәлімдеме жасады.
Америка әкімшілігі "большевиктер революциясы Совет одағын туғызып, езгі коммунизм, саяси философиясы, сөз бостандығы ондаған жылдар бойында ауыр кезеңді бастан өткізді" деп атап өткен.
"Коммунистік тоталитарлы режим әлемде 100 миллионнан астам адамды өлтіріп, азапқа салды. Бұл қозғалыс азат ету деген жалған идеологиямен адамдардың ең қасиетті діни-сенімінен, сөз еркіндігінен айырды. Сөз бостандығын аңсаған азаматтар мәжбүрлі түрде үрей арқылы мемлекетке бағынды. Біз бүгін коммунизмнен зардап шеккен, өмірден өткен адамдарды түсінеміз", - делінген Ақ үй баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
2017 жылдың 7 қарашасында Ресейде большевтиктерді билікке алып келген Октябрь революциясының 100 жылдығын атап өтті. Олардың басқаруы формальды түрде 1991 жылы СССР-дің құлауымен аяқталды.