18 қаз, 2022 сағат 16:14

Көліктерге тонировка жасауға салынған тыйым қайта қарала ма - ІІМ жауабы

Фото:elements.envato.com

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев көліктердің әйнегін қараңғылауға салынған тыйымды қайта қарау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

ОКҚ-да өткен брифингте журналистер ведомство өкілдеріне көліктерге тонировка жасауға тыйым салу мәселесін қайта қарау жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойды. Сондай-ақ, оған тыйым салу қажеттілігінің ғылыми негіздемесі туралы сұралды.

"Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ көлік әйнегін қараңғылауға тыйым күшінде. Алдыңғы терезелерді, алдыңғы бүйір терезелерді қараңғылауға тыйым салынады. Артқы бүйір терезелер мен артқы әйнектерге рұқсат етіледі. Бұл, әрине норма нақты қай жылы енгізілген... Сонда көптеген жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуі, ұялы телефонды пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына балаларды отырғызу, яғни жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, балаларын алып жүруі. Менің ойымша, басқа да себептер болды", - деп түсіндірді Жандос Мұраталиев.