06 мау, 2020 сағат 15:42

Көліктерді жүктің арасына жасырып Қырғызстан асырмақ болған тағы бір жүргізуші ұсталды

5 маусым күні шекарашылар жүктің арасына жасырылған автокөліктерді заңсыз жолмен Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Айша бибі» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетінде жүк көлігі тексеріліп, құжаттары жоқ «Дэу» және «Хюндай» маркалы екі жеңіл көлікті тақтайлардың арасына жасырып өтпек болған жүргізуші ұсталды», - делінген департамент хабарламасында. 

Табылған автокөліктер Жамбыл облысының Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. 

Мұндай қылмыс осы айда аталған автокөлік өткізу бекетінде екінші рет тіркеліп тұр.