© Photo: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, яғни 5 сәуірде болған.
«Сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Полицейлер бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - дейді қалалық ПД өкілдері.