15 мам, 2021 сағат 12:03

Көкшетауда екі жасар қыз бала 7-қабаттан құлап мерт болды


Көкшетауда 2 жасқа таяған қыз бала 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 14-і күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған.

Бұл туралы Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан. 

«Абылай хан көшесі, 15 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан қыз бала құлап кетті. Алдағы маусым айында бүлдіршін 2 жасқа толатын еді», - деп айтты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Анықталғандай, бүлдіршін пәтердің ашық тұрған терезесінен абайсызда құлап кеткен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.