25 там, 2016 сағат 08:37

Көкшетауда 24 жастағы жігіт қонақүйді «жармақ» болды

"Көкшетауда қонақүйді жармақ болған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады", - деп жазады "Ұлт ақпарат" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, тамыздың 24-ы күні қалалық ішкі істер органдарына белгісіз адам хабарласып, «Достық» қонақүйіне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Аталған қонақ үйге дереу жеткен құқық қорғау органдары мен құтқару қызметінің қызметкерлері және кинологтар иісшіл итпен ғимараттың іші- сыртын тінтіп шығып, жарылғыш затты таппады.

Кейін араға бір сағат салып, 24 жастағы «жалған террорист» қолға түсті. Ол өзінің әрекетін мастықтан осындай әзіл жасамақ болдым түсіндірді.

Қазіргі кезде, жұртты дүрліктірген «жалған террорист» уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.