03 шіл, 2018 сағат 17:34

Қоғамдық даму министрі тағайындалды

Дархан Калетаев қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Дархан Аманұлы Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде дүниеге келген.  Тарихшы, саясаттану ғылымдарының докторы.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. "Социально-политическая консолидация казахстанского народа деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жастар өмірі және олардың саяси-әлеуметтік мәселелері жайында жазылған кітаптардың (мысалы, "Молодеж Казахстана на пороге ХХІ века", 2000; "Возмемся за руки, друзья!", 2001; телеавт.) авторы.

2018 жылдың 4 сәуірінде Дархан Калетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді.