Фото: Sputnik.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай құрбан шалуды қашықтан ұйымдастыру үшін арнайы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Ult.kz.
Мүфтият мәліметінше, онлайн және офлайн форматтағы рәсім халыққа, әсіресе үлкен қалалардағы тұрғындарға ыңғайлы болмақ. Онлайн құрбан шалғысы келгендер сайт арқылы мал таңдап, Kaspi QR арқылы төлем жасай алады. Қой мен ешкіні жеке адам шалса, ірі қара мен түйені жеті адам бірігіп шалуға болады.
Тапсырыс сәтті өткен жағдайда, тапсырыс берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Құрбандық шалу рәсімінің фото және бейне есебі көрсетілген нөмірге жолданады.
Айта кетейік, биыл Арапа күні 5 маусымға, ал Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Мүфтият барша жұртты қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырады.