ҚХР-дің Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй Қытайда адамдарды қайта тәрбиелеуге арналған "мұсылмандар лагерлері" бар деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
CNN басылымы Қытайда ислам дінін ұстанатын 120 мың ұйғырды Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Қашғар қаласында орналасқан саяси сауат беру лагерлеріне жөнелтті деп жазған еді.
Шенеунік бұл ақпараттты жоққа шығарып, қай ел үшін де қауіпсіздік маңызды екенін де атап өтті.
"CNN - батыстың басылымы. Оларға сеңбеңіздер. Қытайда ондай ұғым жоқ. CNN жақсырақ ақпараттанған сияқты ғой, солардан сұрап көріңіздер. Дегенмен кез келген ел үшін қауіпсіздік бірінші мақсат екені анық. Қазақстанда да тұрақтылық пен қаупісіздікті сақтауға бағытталған осындай шаралар жүргізіледі. Қытайда, Америкада да, басқа елдерде де сол. Ешқандай ел мұндай мәселеге назар салмайды. Дегенмен бұл мәселе бойынша, Батысқа қарағанда, Қытайдың баспасөзіне назар аударған жөн. Әрине Батыстың баспасөзі еркін екенін білеміз. Дегенмен тағы да атап өткім келеді, жылдамдық, шындық және объективті болу - міне нағыз БАҚ қызметкерлерінің қасиеті", - дейді бас консул.