12 там, 2019 сағат 13:19

КХДР-ның Оңтүстік Кореямен диалог жүргізу ниеті жоқ

Солтүстік Корея ресми Сеулдың АҚШ-пен бірге әскери оқу жүргізіп жатқанына наразы. Олар Корея Республикасы осының мәнін түсіндірмейінше Оңтүстікпен келіссөз жүргізу ниеті жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы Солтүстік Кореяның (КХДР) жоғары шенді дипломаты Квон Чон Гананың хабарламасында айтылған, деп жазды Reuters.

«Олар әскери оқуларды тоқтатпайынша немесе нақты себебін түсіндірмейінше кореяаралық контакт қиындап кететінін түсіну керек», - деді Квон Чон Ган.

Бұдан бөлек, дипломат Оңтүстік Кореяның КХДР зымыран сынақтарын тоқтату туралы талабын «сандырақ» деп есептейді. 

«АҚШ президентінің өзі көптеген ел жасайтын зымыран сынақтары әр егемен мемлекеттің өз қауіпсіздігінің құқығы екенін айтқан болатын», - деді Квон. 

Сонымен қатар, солтүстіккореялық дипломат Оңтүстік Кореядағы әскери оқуларды «соғысқа дайындық жаттығулары» деп атады.