09 қаң, 2018 сағат 08:54

КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жақсарту бойынша келіссөз бастады

Сейсенбі күні таңертең Корея Республикасы мен КХДР арасындағы қатынастарды қалыптастыру мақсатында өткен диалогтың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайжы "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, кореяаралық келіссөздердің басты тақырыбы Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға қадам жасау, оның ішінде КХДР спортшыларын Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиадаға қатыстыру болды.

Келіссөздер демилитаризацияланған аумақтағы Пханмунджом келіссөздер пунктіндегі "Бейбітшілік" үйі атты ғимаратта өтті. Айта кетейік, келіссөздер жабық тәртіпте өтіп жатыр, яғни журналистер қатысып жатқан жоқ.

Қос тараптың келісөздер тобына бес-бес адамнан кіреді. Корея Республикасының  делегациясын бірігу министрі Чо Мён Гён бастап келсе, КХДР жағына Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы  Ри Сон Гвон басшылық етеді.

Еске сала кетейік, соңғы рет КХДР мен Корей Республикасы арасындағы келіссөз 2015 жылы желтоқсанда өткен болатын.