КХДР құрлықаралық «Хвасон-15» баллистикалық зымыранын сынап көрді. Бұл жайлы елдің орталық телеарнасы таратқан мәлімдемеде айтылған, деп жазады ТАСС.
Баллистикалық зымыран 950 км ұшып, 4 мың 475 км биіктікті бағындырды.
«Хвасон-15» зымыранының құлау аумағы АҚШ-тың барлық территориясындай жерді қамтыған.
Өз кезегінде, АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның кезекті рет құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағанына бірден жауап қатты. "Біз бұл жағдаймен айналысамыз" деді Трамп, бірақ ол нақты қандай шара жасалатынын айтпады.
АҚШ қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея территориясынан зымыран ұшырылғанын тіркегенін мәлімдеді. Зымыран шамамен 1 мың километр ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған. Басқа дереккөздері зымыранның теңізге құлағанға дейін 50 минуттай уақыт ұшқанын айтады. CNN-нің хабарлауынша, 2017 жылы Солтүстік Корея ұшырған осымен бесінші зымыран Жапонияның экономикалық аймағына құлап отыр.
АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері таң ата ұшырылған зымыран туралы алынған ақпараттардың талдап жатыр.
Гуам аралдарынан жеткен мәлімет бойынша, Солтүстік Корея атқан зымыран Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі АҚШ территорияларына "тікелей қауіп төндірмеген".