09 нау, 2020 сағат 10:08

КХДР кезекті рет снаряд ұшырды

Корея Халық Демократиялық Республикасы дүйсенбі күні таңертең жақын дәлдіктегі үш снарядты Шығыс теңізіне ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Корея Штаб бастықтары біріккен комитетінің мәліметі бойынша, снарядтар Оңтүстік Хамгён провинциясындағы Сондок қаласына жақын жерден жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07:36-да ұшырылды. Олардың ұшу ұзақтығы – 200-ге жуық шақырымды, биіктігі 50 шақырымды құрады. 

Айта кетсек, КХДР осыған ұқсас ұшыруларды 2 наурыз күні жүргізген болатын.

«Бұл – зымырандық ұшыру қондырғыларының бірнеше типі қатысатын артиллериялық оқулардың бір бөлігі», - делінген Бірлескен комитеттің таратқан хабарламасында. 

Оңтүстік Корея және АҚШ-тың барлау органдары ұшыруларға анализ жасап, «қосымша ұшырулар болған жағдайға бақылау жүргізуде». 

2 наурызда КХДР кезекті оқулар кезінде Ким Чен Ынның басшылығымен көпмақсатты зымыран қондырғысынан жақын радиусты екі снарядты ұшырған еді.