Масленица – қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мерекесі. Бұл мерекенің түп тамыры праславян кезеңінен негіз алады. Сондай-ақ, Масленицада өткізілген рәсімдер Көктемнің Қысты жеңуіне ықпал етеді деген сенім қалыптасқан. Көктем мезгілі басталысымен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен елорда Достық үйінде Масленица мерекесі атап өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, олардың мәдениетаралық үлгісін көрсету, қоғамдағы халықаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шараға бір апта бойына жалғасады. Өйткені Масленица бір күн емес, апта бойы тойланады. Әрі әр күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Дүйсенбі – кездесу күні, сейсенбіде ойын ойналады, сәрсенбіде тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбіде серуен басталады, ал жұмада күйеу жігіт қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа (қайын сіңлі) шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады.
«Биылғы аталған мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған 9 депутат, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің өкілі мен Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясаты басқармасының басшысы қатысты. Шара барысында мерекеге орай пісірілген мың құймақ таратылып, ыстық шай берілді. Сонымен қатар, «Кукла-Масленица», «Богатырь» бейнебайқаулары мен балалар арасында өткен шығармашылық конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді», - дейді Достық үйінің меңгерушісі.
Оның айтуынша, аталған концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Достық үйінің алдына қойылған сабан қуыршағын өртеу рәсімі болды. Дәл осындай мерекелік шаралар басқа өңірлерде де аталып өтілді. Нақты айтқанда Тараз, Қызылорда, Атырау қалаларында да ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шаралар аясында көптеген шараларға арқау болды. Атап айтқанда, «Радонеж» орыс қауымдастығы, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Шара барысында қонақтар «Широкая Масленица» театрландырылған қойылымын тамашалап, дәстүрлі орыс құймақтарынан ауыз тиді.
«Дәл осындай мерекелік шаралар Қызылорда мен Атырау қаласында да ұйымдастырылды. Қызылорда қаласының Достық үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Масленица мерекесі өтті. Шарада этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен түрлі ойындар өткізілді. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. «Довира» украин этномәдени бірлестігі Атырау облысының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында Масленница мерекесін өткізді. Этномәдени бірлестік мүшелері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын да сыйлықсыз қалдырған жоқ», - дейді «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова.
Естеріңізге сала кетейік, Масленица – қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мерекесі. Бұл мерекенің түп тамыры праславян кезеңінен негіз алады. Сондай-ақ, Масленицада өткізілген рәсімдер Көктемнің Қысты жеңуіне ықпал етеді деген сенім қалыптасқан. Көктем мезгілі басталысымен Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Тараз, Атырау қалаларында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Масленица мерекесі атап өтті.