Фото: wikipedia.org
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Kinder өнімдеріне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомствоның
мәліметінше әлеуметтік желіде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген
ақпарат таралып жатыр.
«Бұл мәліметтердің ескіргенін және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз. Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта
бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер түспеген.
Комиет
азаматтарды ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.
