12 қаң, 2018 сағат 13:49

Ким Чен Ын Солтүстік Корея санкцияларға қанша жыл шыдай алатынын айтты

КХДР басшысы Ким Чен Ын қанша санкция салынса да, елдің еш қиналмайтынын айтады, - деп хабарлайды gazeta.ru Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бізде өз экономикамыздың негізі бар, ғылыми-техникалық әлеуетіміз мықты және дарында адамдар да баршылық. Сондықтан бізде еш қиындық туындамайды, жауларымыз мейлі 10, тіпті 100 жылға санкция салса да", - дейді Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ғылым академиясы қызметкерлерімен кездесу барысында. 

Мұның алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы аясында Еуропалық одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияға рұқсат берген еді.

kaz.tengrinews.kz