26 сәу, 2020 сағат 15:46

Ким Чен Ын Самчжиен қаласын салуға үлес қосқан еңбеккерлерге алғыс айтты

КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын Самчжиён қаласында соңғы жылдары болған үлкен құрылыс жұмысшыларына алғысын білдірді.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жексенбі күні халық республикасының «Нодон синмун» орталық газеті жазған. 

«Құрметті жоғарғы басшы Ким Чен Ын мырза Самчжиен қаласын құруға шынайы үлесін қосқан жұмыскерлерге алғысын білдірді», - делінген мақалада. 

«Бұл ретте басылым құрылысшыларға алғыс жолдау қашан жіберілгенін, сондай-ақ халық республикасының басшысы қазіргі кезде қайда екені туралы еш мәлімет жоқ», деп жазады ТАСС. 

Осы арада, Корея Орталық телеграф агенттігі (КОТА) бүгін таңертең РФКП төрағасы Г.А.Зюгановтың Ким Чен Ынға 2019 жылдың 25 сәуірінде Ресей мен КХДР көшбасшыларының Владивостокта өткен саммитінің бір жылдығына орай құттықтау жеделхатын жібергені туралы хабарлады. 

Ал 22 сәуірде, КОТА-ның ақпаратынша, Ким Чен Ын Сирия Араб Республикасының президенті Башар Әл-Асадқа жеделхат жіберген. 

Бұл ретте БАҚ Кимнің 11 сәуірден бастап халық алдына шықпағаны туралы ештеңе хабарлаған жоқ, бұл елдің 36 жастағы көшбасшысының ауыр дертке шалдыққаны туралы өсек-аяңға себеп болған, деп жазады Ренхап

Солтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты ақпараттарды жарияламайды. Бұның орнына Пхеньяннің насихат орталықтары Корея халықтық революциялық армиясының құрылуының 88-жылдығы туралы белсенді жазған. 

Осы арада, Reuters Қытайдың Солтүстік Кореяға дәрігерлер мен шенеуніктердің бір тобын жібергені туралы хабарлады. Қытай Коммунистік партиясының халықаралық байланыс бөлімінің қызметкері бастаған делегация бейсенбі күні Бейжіңнен Солтүстік Кореяға аттанды.