10 қаз, 2022 сағат 14:01

Киев орталығында жарылыс болды


Киев орталығындағы аудандардың бірінде бірнеше жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының орталық аудандарының бірінде бірнеше жарылыс болғанын айтты.

"Киевтің Шевченко ауданының орталығында бірнеше жарылыс болды. Толығырақ кейінірек", - деп жазды ол Telegram-да.

Киевтің орталығындағы бұл аймақта бірнеше мемлекеттік кеңселер мен тарихи ескі қала орналасқан.

Соққы орнында екі түтін бағанасы көрінеді. Кейбіреулер үш жарылыс естігенін айтады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.