04 нау, 2024 сағат 12:33

Киберқылмыстың 99 пайызы - интернет алаяқтық - ІІМ


Қазіргі кезде киберқылмыстың 99 пайызы интернет алаяқтық. Бұл туралы бүгін Парламенттің төменгі палатасында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша отырыста ҚР Ішкі Істер Министрінің орынбасары Айдос Рысбаев мәлімдеді деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».

Ішкі Істер Министрінің орынбасарының айтуынша соңғы 7 жылда Қазақстанда интернети алаяқтық он есе өскен.

«Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын және барлық алаяқтықтардың 50 пайызын құрайды. Бұл ретте өткен жылы ғана азаматтарға келтірілген залал 21 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні 3645 интернет алаяқтық тіркелген. Ол барлық жасалған қылмыстың 18 пайызын құрайды және жасалған жалпы алаяқтықтың 43 пайызы. Қазір 4000 интернет алаяқтық жасады деп 2000 адам ұсталған», -дейді Айдос Рысбаев. 

Маманның сөзінше Қазақстанда интернет алаяқтықты көбінесе шетел азаматтары жасайды екен.

«Қазақстандықтарға қатысты мұндай қылмыстар шетелден де жасалады. Мысалы, Украина аумағында қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған ірі "Колл-орталық" мүшелері ұсталды. Осы себепті мұндай қылмыстардың трансшекаралық сипаты оларды тергеуде ерекше қиындық тудырады», -деп отыр Айдос Рысбаев.

Өкініштісі ұрланған ақшаның 90 пайызы елден шығып кетеді екен. Ішкі Істер Министрлігі өкілінің сөзінше, азаматтар алаяқтардың «құрбанына» айналғанын түсінбей тұрып-ақ ұрланған ақша шоттардан алынып, шетелге жіберіледі. Орташа алғанда, олардың қылмыс жасаған сәттен бастап ішкі істер органдарына жүгіну уақыты 3 күннен бірнеше айға дейін созылады.

«Шетелдік алаяқтар» өздерінің қылмыстық мақсаттары үшін «дроптарды» («қылмыстық тізбектің ең төменгі» буыны, банк картасының ұрланған ақшаның «транзитіне» айналуына келісетін адам) пайдаланады. Қазақстан азаматтарын телеграм-каналдар арқылы тауып алады. Олар оларға «курьер» жұмысын ұсынады, егер олар келіссе, олар өздері туралы барлық жеке ақпаратты, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттар мен банк картасының нөмірлерін беруін талап етеді. «Дроптардың» шоттарына қаражат түскеннен кейін, соңғылары 10%-ға дейін өздеріне қалдырады, қалғаны алынады және/немесе алаяқтар көрсеткен банктік және басқа электрондық шоттарға аударылады» , -деп отыр Айдос Рысбаев.

Бүгінгі таңда киберқылмыстарға ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, оны жою, өзгерту, бұғаттау жатады. Сонымен қатар, зиянды бағдарламаларды құру және пайдалану, интернет желісінде порнографияны тарату мен авторлық құқықты бұзу және электронды жымқыру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын басқа да қылмыстар жатады.

Қазақстан азаматтарына өздерінің қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған 44 миллион әрекетінің жолы кесіліпті.