27 нау, 2020 сағат 08:19

ХВҚ кеңесі Қырғызстанға 121 млн доллар көмек беретін болды

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) кеңесі COVID-19 пандемиясымен күрес үшін Қырғызстан үкіметіне 120,9 млн доллар қаржылай көмек беруді мақұлдады. Қордың реттеуші директоры Кристалина Георгиеваның айтуынша, COVID-19 індеті "Қырғызстан экономикасына ауыр соққы болған және қаржыға тәуелділігін арттырған".

Георгиеваның айтуынша, бұл көмек коронавируспен күреске жұмсалатын шығынды жабуға көмектеседі, денсаулық саласына бөлінген қаржыны өз мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы апта басында ХВҚ эпидемия басталған уақыттан бері ұйымның алғашқы көмегін Қырғызстан алуы мүмкін деп топшылаған. Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері ХВҚ-дан қаржылық көмек сұраған. Ұйымның айтуынша, бұл өтініштерге мүмкіндігінше жылдам жауап беріледі

Соңғы мәліметтер Қырғызстанда 44 адамнан коронавирус табылғанын көрсетіп отыр. Сарапшылар тест жетіспегендіктен коронавирус жұққан адамдардың нақты санын анықтау қиын дейді.

Азаттық