18 қыр, 2018 сағат 11:24

Хейли: Ресей Солтүстік Кореяға қарсы санкция режимін бұзды

Ресей Пхеньянның ядролық бағдарламасы үшін Солтүстік Кореяға қарсы салынған халықаралық санкцияны «өрескел бұзды». Бұл туралы қыркүйектің 17-сі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді.

Хейлидің сөзінше, Ресей санкция режимі бойынша Пхеньянға тыйым салынған мұнай өнімдерін Солтүстік Кореяға жеткізуге септесіп жатыр. Оның атап өтуінше, бұл жекелеген заң бұзушылақ емес, жүйелі саясаттың көрінісі.

Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланды. БҰҰ өкілдерінің атап өтуінше, Пхеньянның ядролық сынақтардан бас тартқаны айтылғанымен, оның әлі жұмыс істеп жатқанына дәлел бар.