07 қыр, 2021 сағат 19:33

"Хабар 24" журналисінің оқиғасы: күзет агенттігі лицензиясынан айырылды


Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы полициясының баспасөз қызметі Алатау ауданы әкімдігін күзетумен айналысатын кәсіпорын күзет қызметі лицензиясынан айырылғаны туралы ақпаратты растады.

"Мекеме басшысын полицияға шақырып, қызметті жалғастырмауы үшін лизенциясы алынды", - деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, бұл оқиғаға байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да өз ойын білдірді. Министрдің мәлімдеуінше, журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек.

Кейін осы факті бойынша Алатау әкімдігінде комиссия құрылды, қызметтік тергеу басталды.