Nur Otan партиясының атауы "Amanat" болып өзгереді. Бүгін партияның кезектен тыс өткен XXII Съезінде осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ, партия жұмысы да толыққанды жаңғыратын болады.
Аталған өзгерістер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Саясаттанушы, ҚСЗИ бөлім басшысы Индира Рыстинаның пікірінше, кез келген партияның басты күші – халық. Партияның бар болуы да халыққа байланысты. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізу - партияның басты мақсаты.
«Партия, бүгін ұсынған модернизация жоспарына сай, халық үнін естуге және оны билік инстиуттарына жеткізу қызметін бірінші кезекке қойып отыр. Мысалы:
- кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру,
- шет аймақтарға партиялық қабылдау алаңдарының шығуы,
- қоғамдағы ахуалды бағалау үшін құрылған «Әлеумет» жобасы,
- азаматтардың ұсыныстарының онлайн форматта бақылай алыун еңгізілуі.
Партияның аудиториясы кең, мүшелері көп, электораты бар. Партия осы аудиторияның ойын жинап, мәселелерді саралап, өкілетті каналдары арқылы шешуге бағытталған жұмысты тұрақты негізге қоятын болса, қоғамдағы көптеген қызу нүктелерді азайта алады», - деп жазды Рыстина өзінің Facebook-парақшасында.